Әккі ұры бұл жолы 26 жылқыны жайылып жүрген жерінен айдап әкеткен.
Аталған дерекке қатысты арыз түсе сала қылмыстық іс қозғалып, жедел іздеу шаралары жүргізілді. Ұрланған малды полицейлер 4 күн ішінде тапқан. Жылқылар Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа тиесілі болып шықты. Ал түліктерді ұрлаған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол бұған дейін мал ұрлап, бірнеше рет сотталған көрінеді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Оның сыбайластары және өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Олжас Омарбеков, Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы:
– Жәбірленушіге тиесілі жылқылары толығымен қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.