23 желтоқсан күні сағат 08:40-та жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады alau.kz.
«Mercedes» маркалы автобустың 61 жастағы жүргізушісі Абай даңғылымен келе жатып басқарып, арақашықтықты сақтамай «Toyota» мен «Lada Granta» көліктерімен соқтығысқан.
Жол апаты кезінде автобуста 10 шақты жолаушы болған. Факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін бастапқы материалдар жиналды.