429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Қазақстан облысында астық ұрланды

  • 200
  • UPD: 21:50, 23.12.2020

Пресновка ауылында түнде кезекшілікте жүрген полицейлердің көзіне жарық шамдары сөніп тұрған жүк көліктері түскен.

Тексеру барысында 80 тонна бидай тиелгені анықталды. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен астық қабылдау орталығы басшыларының бірі қамауға алынды. Қазір кәсіпорынның басқа да қызметкерлерлерінен жауап алынып жатыр. Шығын көлемі 23 млн теңге.

«Бұл мұндағы алғашқы ұрлық емес», - дейді тәртіп сақшылары.

Данияр Ғалиақпаров, облыстық ПД КПБ аға жедел уәкілі:

- Олар 190 тоннадан астам астықты Ақмола облысындағы элеваторға тапсырғаны анықталып жатыр. Күдіктінің үйінде көп конвертте ақшалай қаржы тергеу барысында анықталып алынды. Қазіргі уақытта алынған құжаттар мен «КамАЗ» көліктері тексерілуде.

Хабар 24 телеарнасы