425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысында 40 мың тауық қырылып қалды

  • 333
  • UPD: 22:07, 23.12.2020
Алматы облысында 40 мың тауық қырылып қалды

Алматы облысының Қарадала аймағындағы құс фабрикасында 40 мың тауық қырылып қалды.

Бұған компьютерлік басқару жүйесіндегі ақау себеп болған. Ауаны бақылайтын құрылғы істен шығып, қора ішінде оттегі жетіспей қалған.

Аталған жағдайды ветеринарлар растады. Әкімдік өкілдері құстардан анализ алынып, тексерілгенін мәлімдеді. Өлекселерден құс тұмауының белгілері анықталмаған.

Хабар 24 телеарнасы