427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кәсіпкердің бір миллион долларын тартып алғандар ұсталды

  • 240
  • UPD: 22:54, 23.12.2020

Алматы облысының полицейлері кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасап, 1 млн долларын тартып әкеткен қылмыстық топты ұстады.

Тәртіп сақшылары арнайы операция ұйымдастырып, Алматы қаласының 27, 31 және 37 жастағы азаматтарын қамауға алды. Тергеу барысында анықталғандай күдіктілер қомақты қаржының 200 мың долларын жұмсап үлгірген. Оған қымбат киім-кешек пен екі бірдей көлік сатып алыпты. Атышулы оқиға желтоқсанның 8 күні Алматы - Бішкек тас жолында болған. Самсы ауылы маңында белгісіз біреулер қалталы азаматты пышақпен қорқытып, тонап кеткен еді.   

Серік Үпиев, облыстық ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен азаматтар ұсталды және айғақтар тәркіленді. Іс материалдарына тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы