420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзенде спортшы қызды шапалақпен ұрған жаттықтырушы жұмыстан қуылды

  • 132
  • UPD: 09:32, 24.12.2020

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында волейболдан әйелдер командасының жаттықтырушысы жұмыстан қуылды. Бұл туралы директордың бұйрығы шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, ол осыдан бірнеше күн бұрын Маңғыстау селосында өткен жарыста командадағы қыз баланың бірінің бетінен шапалақпен бірнеше рет ұрып жіберген еді. Келеңсіз жағдайды көрермендердің бірі түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Осыдан соң жаттықтырушы мұны үзіліс кезінде ойыншыларды ширатып алу үшін жасадым деп ақталып, кешірім сұраған болатын.

Хабар 24 телеарнасы