Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2020 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 14:15 шамасында Volkswagen Passat автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Бозшакөл кенті ауданындағы Шідерті – Нұр-Сұлтан автожолының 37 шақырымында батыс бағытта келе жатып, көлігімен қарсы бағытқа қарай аударылған, – делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, ал көлік жолаушысы жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаменті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарына ауа райының нашарлауына байланысты ұзақ сапарлардан аулақ болуға, сондай-ақ ауа райы және тас жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларға назар аударуға шақырады.