419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қаңтардың онына дейін отшашу сататын сауда орындары тексеріледі

  • 165
Қаңтардың онына дейін отшашу сататын сауда орындары тексеріледі

Елордада жыл басынан бері 587 өрт болып, 20 адам қайтыс болған.

Олардың он үші мас күйінде болыпты. 58 адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғындар өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайды. Көбінде электр желісіндегі ақаулықтан және жылыту пештерінен өрт шығады. Ал мереке күндері пиротехникалық заттардан қауіп көп. Шыршаны безендіретін шамдардан да от тұтануы мүмкін. Қазір қалада «Пиротехника» жедел іс-шарасы өтіп жатыр. Қаңтардың 10-на дейін отшашу сататын сауда орындары тексеріледі. Биыл жаңа жылды бұқарамен тойлауға рұқсат жоқ. Көп адам жиналатын кеш өткізуге болмайды. Сондай-ақ жабық ғимараттарда пиротехникалық заттарды қолдануға қатаң тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы