426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 8 жастағы қызын далаға шығарып жіберген әйел арнайы есепке алынды

  • 469
  • UPD: 21:30, 24.12.2020
Елордада 8 жастағы қызын далаға шығарып жіберген әйел арнайы есепке алынды

Елордада 8 жастағы қызын іш киіммен далаға шығарып жіберген әйел арнайы есепке алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балаларын осылай тәрбиелемек болған оның әрекеті, әлеуметтік желіде тараған еді. Көршісі аязда тоңып, бүрсең қағып отырған баланың суретін Facebook парақшасында жариялаған. Бұл әйел біреудің кір қыстырғышын рұқсатсыз алған балаларын осылай жазалаған екен. Суреттегі қыз баладан бөлек, отбасында тағы үш жасөспірім бар. Білім және ғылым министрлігі мен қалалық полиция департаменті бұл істің мән-жайын анықтап жатыр.

Нэлля Дошанова, қалалық ПД Ювенальды полиция қызметінің бастығы:

- Бұл отбасы қалалық полиция департаментінің Ювенальды полиция бөліміне есепке алынды. Қазір бұл жағдайды полиция қызметкерлері мен қалалық білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық органының мамандары жан-жақты тексеріп жатыр. Тексеру қорытыныдысынан кейін балалардың заңды өкіліне қатысты шара белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы