418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда пиротехниканы заңсыз сатқандар жазаланды

  • 112
  • UPD: 08:33, 25.12.2020
Көкшетауда пиротехниканы заңсыз сатқандар жазаланды

Ақмола облысында небәрі 4 күннің ішінде пиротехника сатушыларды тексеру үшін 60 шақты рейд ұйымдастырылып, 6 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

Олар пиротехникалық заттарды арнайы құжатсыз сатқан. Заң бұзған кәсіп иелерінің әрқайсысына 70 мың теңгеге жуық айыппұл салынып, тауарлары тәркіленген.

«Мұның бәрін біз оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жасап отырмыз», - дейді құзырлы органдардың мамандары.

Абырой болғанда, былтыр және биыл аймақта отшашудың себебінен қайғылы жағдайлар тіркелмеген. Алайда алдын алу шараларын тоқтатуға болмайды.    

Денис Шелкоплясов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Рейдтер Жаңа жыл мерекесі аяқталғанша жалғасады. Мұндай заттар арнайы дүкендерде ғана сатылуы тиіс. Әрі сатушының тауарға сәйкестік сертификаты болуы керек. Олай болмаған жағдайда ондай пиротехникалық бұйымдар тәркіленеді.

Хабар 24 телеарнасы