427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда кәсіпкер әйелдің үйінен есірткілік шикізат табылды

  • 210
  • UPD: 10:09, 25.12.2020
Павлодарда кәсіпкер әйелдің үйінен есірткілік шикізат табылды

Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ертіс ауданында тұратын кәсіпкердің үйінен аса ірі көлемде спирт тәркіледі. Тексеріс кезінде 4 мың бөтелке арақ пен 6500 қорап акцизі жоқ темекі, жарты литрлік 6 мың шөлмек және айрықша иісі бар сұйықтық құйылған 260 пластикалық ыдыс табылған. Айғақ заттардың барлығы сараптамаға жіберіліп, кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Талдықорғанда тапа-тал түсте белгісіз азамат зейнеткердің қолынан сөмкесін тартып әкеткен. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнекамераға түсіп қалады. Тәртіп сақшылары дереу күдіктінің ізіне түсіп, саябақ ішінде қолға түсірді. Ол қарияның 85 мың теңгесін түгел жұмсап үлгерген. Енді оңай олжа таппақ болған қылмыскер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Павлодарда 1 тоннаға жуық есірткі жасауға арналған шикізат табылды. Оны заңсыз сақтаған қала тұрғыны енді сот алдында жауап береді. Кәсіпкер әйелдің осынша есірткіні қайда өткізбекші болғаны қазір анықталып жатыр. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары 5 келі есірткі тәркіледі. Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының 43 жастағы тұрғыны 4 пластик бөтелкеге салынған гашишті үйінде сақтаған. Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Қарағандыда браконьерлерге бақылау күшейді. «Сайғақ» шарасы аясында тәртіп сақшылары бір ай бойы Ұлытау, Жаңарқа, Нұра аудандарының аумағын тікұшақпен барлаған. Нәтижесінде күдікті 68 автокөлікті тексеріп, 8 қару тәркіленген. Үш қылмыстық іс қозғалып, заңсыз аң және балық аулағандарға қатысты 20-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы