Петропавлда рұқсат етілмеген жерде сырғанақ тепкен әйел ауруханада көз жұмды
Петропавлда рұқсат етілмеген төбешіктен сырғанап ағашқа соғылған 37 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды.
Қайғылы оқиға өткен мереке күндері Борки кентінде болды. Бас сүйегі жарақаттанған азаматша бірден ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Дәрігерлер оған екі мәрте операция жасаған. Дегенмен, ол сол күйі өзіне келмеді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.