421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде пәтер ұрлығымен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды

  • 170
  • UPD: 15:26, 25.12.2020

Ақтөбеде пәтерлерге жасырын кіріп, ұрлық жасаумен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

Ұрыдан ірі көлемдегі шетелдік және отандық валютадағы ақша мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар тәркіленді. 34 жастағы азамат «Ақжар-2» елді мекенінде жасаған кезекті заңсыз әркетінен кейін қолға түскен. Ондағы пәтерлердің біріне терезесін сындырып кіріп, ақша мен құнды заттарды алып кетіпті. Күдіктінің көлігін тінту кезінде қолды қылғандары табылды.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, ол негізінен күзет жүйесімен қамтылмаған ауылдардағы үйлерді таңдаған және әзірге бес пәтер ұрлығына қатысы бары анықталып отыр. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Талғат Берденов, криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұрын да Алматы облысында сондай қылмыстармен сотталған пәтер ұрлығымен. Өзінің қылмыстарын Жилянка, Ақжар-2 және Кирпичный ауылдарында жасаған. Қазақстан заңдарына сәйкес, жасаған қылмыстары үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы