421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда сырғанақта көз жұмған әйел қайың ағашына соғылған

  • 217
  • UPD: 20:17, 25.12.2020
Петропавлда сырғанақта көз жұмған әйел қайың ағашына соғылған

Петропавлда рұқсат етілмеген төбешіктен сырғанап, ауруханаға түскен 37 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға 17 желтоқсан күні Борки кентінде болған. Биіктен қатты жылдамдықпен сырғанап келе жатқан ол қайың ағашына соғылған. Бірден көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, жансақтау бөлімінде сол күйі есін жимады. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні Петропавлда сырғанақ салу үшін төрт арнайы орын бекітілді. Нысандардың құрылысы жақын күндері басталады. Алайда бұл жерлерде қауіпсіздік ережелері қаншалықты қадағаланатыны белгісіз. Демалуға келген әр адам денсаулығына өзі жауапты болады. 

Гүлнәр Қалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Ауыр жарақатпен түсті. Бас сүйегінен жарақат алған. Дәрігерлер екі ота жасады. Жан сақтау бөлімінде бір аптадан уақыт жатты. Комада болды. Дәрігерлер қаншама рет тырысқанмен болмады.

Қымбат Мырзағұлова, облыстық пд тергеу басқармасының тергеушісі:

– Оқиға болған жерге тергеу тобының құрамы шығып, тергеу амалдарын орындады. Қазіргі таңда осы қылмыстық іс бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайды біз анықтап, заңға сәйкес процессуалды шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы