429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отшашудан қауіп көп – ТЖД

  • 296
Отшашудан қауіп көп – ТЖД

Алматыда жыл сайын жаңа жыл мерекесі қарсаңында 10-нан аса өрт оқиғасы тіркеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 30 проценті пиротехника өнімдерін дұрыс пайдаланбаудан болады. Бұл туралы бүгін онлайн-брифингте Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков хабарлады. Мәселен, былтыр жаңа жыл түні пиротехниканың кесірінен 5 өрт болып, 4 адам зардап шеккен. Отшашуларды қолдану кезінде қауіпсіздікті естен шығармау керек дейді сала мамандары. Атап айтқанда, пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда, орамның тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аудару қажет. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балаларға отшашуды өз бетімен қолдануға жол бермеген жөн.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

– Бүгінгі таңда 40 рейд өткізіп, 826 келі сертификатталмаған пиротехникалық өнімдер тәркіленген болатын. Мұнымен бірге рейд барысында тұрғындараға пиротехниканы дұрыс пайдалану туралы 2 мыңнан астам ескертпелер таратылды. Полиция қызметкерлері мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабының 1 бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы