420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да аязды күні жолда қалған 14 жолаушы эвакуацияланды

  • 148
ШҚО-да аязды күні жолда қалған 14 жолаушы эвакуацияланды Zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары рейстік шағын автобустың жолаушыларына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түн кезінде Аягөз қаласынан 305 шақырым жердегі «Алматы-Өскемен» тасжолының 805 шақырымында келе жатқан шағын автобус сынып қалған. Рейстік «Газельде» 14 жолаушы болды. Олар бірден «112» қызметіне хабарласқан. «Оқиға орнына келіп жеткен №22 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жолаушыларды Аягөз қаласына жеткізіп, жергілікті спорт мектебіне орналастырды. Ал шағын автобус Аягөзге арнайы техникамен сүйреп апарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы