429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жатақханадағы өрттен 9 адам ауруханаға жеткізілді

  • 235
  • UPD: 20:33, 27.12.2020
Оралда жатақханадағы өрттен 9 адам ауруханаға жеткізілді фото: inbusiness.kz

Оралда тоғыз қабатты жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖД-ның хабарлауынша, оқиға 27 желтоқсан күні шамамен сағат 17:18-де Құрманғазы көшесі 165-мекенжайында болды.

Тоғыз қабатты жатақханада аумағы 20 шаршы метрді қамтыған №62 бөлме жанып кетті.

«Тілсіз жау» 17.47-де оқшауланып, 18:26-да толық сөндірілді.

Өрт орнынан үш адам құтқарылды. Оның екеуі құтқару арқанымен, біреуі сатымен түсірілді. 45 адам қауіпсіз жерге шығарылса, соның 18-і – балалар.

Газдан уланды деген күдікпен 9 адам ауруханаға жеткізілсе, соның төртеуі – балалар.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамы (31 адам, 10 техника) жұмылдырылды. Полиция департаментінен 15 қызметкер, 5 техника жетті.

Хабар 24 телеарнасы