426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында қора өртеніп, 70-ке жуық ірі қара мен ұсақ мал жанып кетті

  • 323
  • UPD: 23:44, 27.12.2020
Қарағанды облысында қора өртеніп, 70-ке жуық ірі қара мен ұсақ мал жанып кетті фото: inform.kz

Қарағанды облысы Абай ауданының Бородиновка ауылында қора өртеніп, 47 ірі қара мен 20 ұсақ мал жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 желтоқсан күні сағат 05:39-да Абай ауданының Бородиновка ауылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына ең жақын өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Өрт сөндірушілерге 65 шақырым жол жүруге тура келді.

«Шаруашылық құрылысындағы жеке тұрғын үй аумағында 140 шаршы метр алаңда өрт болды. Тілсіз жау сағат 10:26-да сөндірілді. Өрт салдарынан 47 бас ірі қара мен 20 бас ұсақ мал қырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы