420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жеке тұрғын үйдегі өрттен зейнеткер көз жұмды

  • 146
  • UPD: 10:59, 28.12.2020
Қостанай облысында жеке тұрғын үйдегі өрттен зейнеткер көз жұмды

26 желтоқсанда Қостанай облысының Сарыкөл ауданында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлады alau.kz.

Сағат 09:14-те Островной ауылының тұрғындары қоңырау шалып, Рабочая көшесіндегі екі бөлмелі үйдің шатыры өртенгенін хабарлаған. Өрт сөндірушілер келген кезде өрт шатырға ғана емес, үйдің қамыс қабырғаларына да тараған. Тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты қамтыды.

Өрт сөндірушілер сағат 11:01-де өртті ауыздықтады. Көп ұзамай үйдегі үйінділердің астынан бір адамның күйген денесі табылды. Ол 1956 жылғы ер адам болып шықты. Ол өз пәтерінде жалғыз тұрған, үйдің екінші жартысы бос және жабық болған.

Өрт темекі шегу кезінде отқа абайсыз қараудан шыққан болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы