Бүгін Павлодарда дәмхана өртенді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишановтың айтуынша, сағат 11:18-де Абай көшесі 170/2 мекенжайындағы «Қымызхана» дәмханасында өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.
«Оқиға орнына бірден 8 техника мен жеке құрамнан 35 адам жұмылдырылды. Болжаммен өрт аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндіру кезінде 6 газ баллоны шығарылды. Қазір басқа да материалдарды анықтау жалғасуда. Дәмхана иесінің айтуынша, ішіне әлі ешкім кірмеген. Шығын мен зардап анықталуда», - деді Ренат Валишанов.
Басқарма басшысы өрт сөндірілгеннен кейін себебі анықталатынын айтты.
«Аязға байланысты жағдай қиын. Жалғасып салынған ғимараттар бар. Ғимараттар құрылысында жанғыш заттар бар. Сол өртті сөндіруді қиындатуда», - деді Ренат Валишанов.