423,83 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 318
  • UPD: 09:41, 29.12.2020
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Самара – Шымкент тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, жол апаты 28 желтоқсанда сағат 17:24-те Сырым ауданындағы Қызылағаш ауылынан жеті шақырым жерде болған. 

«ВАЗ-2114 және Lexus көліктері соқтығысты. Жол апаты кезінде ВАЗ-дың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың денесі көлік салонында қысылып қалған, оларды арнайы құралдардың көмегімен өртсөндіру бекетінің қызметкерлері алып шықты», - БҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері. 

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. 

Айта кетейік, таяуда төтенше жағдай қызметкерлері дауылды ескерту жариялаған болатын. Батыс Қазақстан облысында қатты тұман болады. 28 желтоқсанда кешкі уақытта өңіре барлық бағыт бойынша жол жабылғаны хабарланды. 

Хабар 24 телеарнасы