Елордада 29 желтоқсан күні сағат 11:38-де «Volkswagen Polo» көлігінің жүргізушісі, 47 жастағы әйел Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүріп келе жатып жолаушылар автобусымен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан автобус жарықтандыру бағынына соғылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Автобустың бес жолаушысы мен «Volkswagen Polo» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін олар үйлеріне жіберілді.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.