420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда орталық клиникалық ауруханадан өрт шықты

  • 132
  • UPD: 17:11, 29.12.2020
Алматыда орталық клиникалық ауруханадан өрт шықты

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана өртеніп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментiнiң мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жіберілген. Алмалы ауданы Панфилов көшесi 139 мекенжайында шақыртудың жоғары деңгейiмен жұмыс атқарылып жатыр. Үш қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Оқиға орнына жедел топ пен 109 құтқару қызметiнiң эвакуаторлары жiберiлдi. Өрттi cөндipy үшiн 3 әскери учаске құрылып, ғимараттың iшiнде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiлдi.

«Өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Ғимараттың оңтүстiк-шығыс жағындағы өрт оқшауланды. Сумен үздiксiз қамтамасыз етiліп отыр», - деп хабарлады департаменттен.

Хабар 24 телеарнасы