29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Қостанай қаласындағы Чекмарев көшесіндегі үйден өрт шыққан.
Оқиға орнына құтқарушылар жетті. 120 шаршы метр аумақта орналасқан жеке тұрғын үй өртеніп кеткен, деп хабарлады alau.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 3 газ баллонын шығарды. Өрт сағат 12:33-те оқшауланып, 14:08-де сөндірілді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
