Әскерге шақырылушы азаматтың терезеден секіруіне қорғаныс істері департаментінің қызметкерлері тарапынан ешқандай қысым болған жоқ. Қорғаныс министрлігі осындай мәлімдеме жариялады. Жас жігіт биыл 30 қазанда жіберілген шақыртуға келмеген. Сондықтан оны әскери бөлімге полиция қызметкерлері әкелген.
Қанатбек Мұсаев, ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің басқарма бастығы:
- Бұл әрекет әскери қызметке шақырудан жалтару мақсатында жасалды. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті барлық іс-шараларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізді. Азамат Виктор Александровичке қатысты Департаменттің лауазымды тұлғалары тарапынан дене және моральдік әсер ету болған жоқ. Аталған оқиға бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігіне Әскери тергеу басқармасы Батыс өңірлік басқармасының Орал тобына жіберілді.