Петропавлда жаяу жүргінші өткелінде 10 жасар қызды көлік қақты.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Петропавлдағы Ж.Қизатов көшесінде сағат 11:40 минут шамасында болған.
«Opel Frontera» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 2010 жылы туған қызды қағып кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақыртылып, зардап шеккен жасөспірім облыс орталығындағы емдеу мекемесінің біріне жеткізілді. Көлік жүргізушісі – Петропавл тұрғыны медициналық куәландырудан өтуге жіберілді. Оның көлігі айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.