420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жүк көлігі соққан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті

  • 129
  • UPD: 12:53, 30.12.2020
Павлодарда жүк көлігі соққан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті

Павлодарда жүк көлігі жеңіл автокөлікті соққан.

Ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 28 желтоқсанда сағат 13:00-де Успен көпірінде «КамАЗ» жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай тоқтап тұрған «Ауди 80» көлігіне соғылды. Соққы салдарынан көлік орнынан қозғалып, қасында тұрған жүргізушіні қаққан.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», - деді департаменттегілер.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы