Ақтау қаласының 11 шағынауданында жол-көлік оқиғасы болды.
30 желтоқсан күні сағат 8:30 шамасында көлік тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Renault Sandero көлігінің жүргізушісі тежегіш пен газ педальдарын шатастырып, үйге соғылды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.