421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жолда қалған жүк көлігінің жүргізушілері құтқарылды

  • 212
  • UPD: 21:08, 30.12.2020
ШҚО-да жолда қалған жүк көлігінің жүргізушілері құтқарылды

Шығыстағы полицейлер желтоқсан айында аяз бен боранда жолда қалған 80-нен аса жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі дизельмен жүретін көліктер. Соңғы аптада аймақта аяздың күші 42 градусқа дейін төмендегенде техникалар сыр беріп, қатып қалған. Облыстағы патрульдік полиция қызметінің де жұмысы қиындады. Өңірдегі барлық бағыттағы жолдард 280 экипаж тәулік бойы жұмыс істеді. Аяз бен боранда негізінен Өскемен – Алматы, Омбы – Майқапшағай автокөлік жолдарындағы жүк көліктер керуені құтқарылды. Жүргізушілері жылыту бекеттеріне апарылып, сынған көліктерге қосалқы бөлшек жеткізілген.

Ержан Самарханов, облыстық ПД аға инспекторы:

- Желтоқсан айында жұмыс көп болды. Әсіресе, Омбы- Майқапшағай жолында қалған көліктреді құтқардық. Жүргізушілерге көмектесіп, көліктерін қардан шығарып, өздерін жылытатын жерлерге апардық.

Хабар 24 телеарнасы