418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде трамвай қаққан 62 жастағы тұрғын көз жұмды

  • 175
  • UPD: 22:45, 30.12.2020
Өскеменде трамвай қаққан 62 жастағы тұрғын көз жұмды :Фото: yk-news.kz

Өскемен қаласында трамвай қаққан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында Абай даңғылы бойындағы «Старт» сауда үйінің маңында болған.

«Соңғы мәлімет бойынша қала тұрғыны рұқсат етілмеген жерде жолдан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны трамвай қағып кетті. Ауыр дене жарақаттарын алған ер адам сол жерде мерт болған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Анықталғандай, марқұм Өскемен қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы