420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда баласын далада қалдырған әйел айыппұлмен құтылды

  • 137
  • UPD: 12:09, 31.12.2020

Шымкентте үш полицей қызмет бабында жүріп, соққыға жығылды. Кезекшілікте жүрген жергілікті тәртіп сақшылары түн мезгілінде шу шығарып, тыныштық режимін бұзған адамдарды байқаған. Алайда  олар тәртіпке шақырған полицейлерге қарсылық көрсетіп,  жұдырық  жұмсауға дейін барған. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұзақыларға 12 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Жамбыл облысының полицейлері Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолында «ВАЗ-21014» маркалы автокөлігін тоқтатып, оның жүк салғышынан үш полиэтилен  қап тапқан. Оның ішінен 9 келіге жуық марихуана шыққан. Ұсталғандардың Жамбыл облысының 28 және 31 жастағы екі тұрғыны мен 31 жастағы елордалық екені анықталды. Аталған жайтқа қатысты психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Алматы облысының құтқарушылары әуесқой  балықшыларды  құтқарды. Екі ер адам УАЗ автокөлігімен Аягөз өзенінің сағасынан Балқаш көліне қысқы балық аулауға аттанған. Мұз үстімен жүріп өткен кезде автокөлік көлде пайда болған мұз жарығына құлаған. Олар көлікті өз беттерімен шығара алмаған соң тастап, көл бетімен жаяу жүріп адасып кеткен. Құтқарушылардың жедел қимылының арқасында балықшылар арада үш сағат өткенде табылды.  

Солтүстік-Қазақстан облысында екі жүк көлігінің  жүргізушісі далада қалған. Бірінің көлігінің  компьютері істен шығып бұзылған. Ал жолда бұзылып қалған «КамАЗ» иесі қосалқы бөлшек жеткізілгенше екі тәулік көлікте түнеген. Екі жағдайда да полицейлер көмекке келді.

Павлодарда  баласын аялдамаға тастап кеткен әйел  айыппұл төлейтін болды.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан тура бір ай бұрын сәбиін спорттық сөмкеге салып, аялдамаға тастап кеткен ананың әрекеті қызу талқыға түскен еді. Оқиға орнына шұғыл  жеткен полция қызметкерлері баланы бірден дәрігерлердің қолына табыстаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы