Павлодарда 64 жастағы әйел отшашудың кесірінен көзінен айырылып қала жаздады

Оқыс оқиға Павлодар ауданының Розовка ауылында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

64 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, хабарлама түнгі сағат 00:19-да келіп түсті.

«1956 жылғы әйел көз алмасының ауыр контузиясы диагнозымен облыстық аурухананың көз бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.

Зардап шеккен әйелдің қазіргі жағдайы тұрақты. Медиктердің айтуынша, көз аман қалған.

Бірақ жаңажылдық түнде орын алған келесі оқиғада 65 жастағы ер адам екі бірдей аяғын үсіріп алған. Ал 31 желтоқсанда сағат 19:26-да Екібастұзда 1962 жылғы ер адам мас күйінде екі қолының саусақтарын үсіріп алған.