Жезқазған тұрғындары музейге 500 жәдігер тапсырды

Жезқазғандағы тарихи-археологиялық музей қоры тағы 500 жәдігермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның барлығын жергілікті тұрғындар тапсырған екен. Арасында аса құнды дүниелер де бар.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- «Тарихта өз атыңды қалдыр» шарасы аясында Жезқазған, Ұлытау өңірінің тұрғындары қолда бар құнды дүниелерін жаппай мұражайға тапсырған. Көпшілігі этнографиялық, нумизматикалық, геологиялық және тұрмыстық жәдігерлер.

Қолқанат Ескендірова, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ғылыми қызметкері:

- 500-ге тарта жәдігер қабылдап алдық. Оның арасында әртүрі жәдігерлер кездеседі. Айта кететін болсам, 1924 жылдан бастап 1938 жылға дейін сақталған әртүрлі құнды жәдігерлер бар. Біздің мақсатымыз – осы құнды жәдігерлерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап және де дәріптеу.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Бұл ағаш табақтан бір кездері жауынгер жазушы, ақын Баубек Бұлқышев ас ішкен екен, оны музейге туысы әкеліп тапсырған. Ал мына қол диірмен 1911 жылдары бүтін бір ауылды асыраған деседі. Тарихтан тәбәрік бұл ғана емес. Жергілікті мешіт имамы осыдан тура 100 жыл бұрын жарық көрген 6 бірдей құран кітап әкеліпті. Ал Жезқазған тұрғынының бірі Абайдың бейнесі суреттеліп, қара сөзі жазылған сырмақты сыйға тартты. Құнды жідігердің бірі Стелаг құрылысының сызбасы. Қазіргі күні музейдегі жәдігерлердің жалпы саны 55 мыңға жеткен. Оның 2500-ден астамы құнды әрі сирек кездесетін заттар екен.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Аслан Демесбаев

Сондай-ақ...