Түркістан облысында 150-ге жуық нысан карантин талабын бұзған

Мереке күндері Түркістан облысында 150-ге жуық нысан карантин талабын бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 19-ы Түркістан қаласында. Тексерушілер сауда орындарында келушілер арасында арақашықтық сақталмағанын және сатушылардың медициналық қолғапсыз жұмыс істегенін анықтады. Компьютерлік ойын клубы да шектеулерге қарамастан жұмыс істеп келген. Мұнда да келушілер бетпердесіз жүр.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД ресми өкілі:

- Полиция департаментінің қызметкерлері мереке күндері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеді. Яғни 28 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында облыс көлемінде сақшылармен 144 карантин талаптарын бұзған жәйт анықталды. Олар бойынша материалдардың бәрі жинақталып, СЭС-ке жолданды.