Ақтөбеде тұрғын үйдегі өрттен адам қаза тапты

Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 36 жастағы ер адам қайтыс болды. Тағы екі адам  ауруханаға түсті. Олар  газдан уланған. Тілсіз жау тұрғындар мен көліктердің қозғалысы көп көшелердің бірінде болды.

Кенеттен тұтанған отты ауыздықтауға 21 өрт сөндірушісі мен  4 арнайы техника жұмылдырылған. Қызыл жалын көрші үйлерге де қауіп төндіргендіктен ондағы адамдар да құтқарылған. Қазір оқыс оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр.

Айбат Жаңабергенов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Өрт болған үйде бес адам тұрғаны анықталды. Осы жалдамалы пәтер болып табылады. Енді қазіргі таңда өрт-техникалық зерттеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат жолданатын болады. Қаламызда жыл басынан бері 10 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 8-і осы тұрғын үйде болып отыр.  Өрттердің көп себебі осы электр-монтаждау құрылғыларын жою және де отты абайсыз қолданудан болып отыр.