Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

Мәйіт Қарағандыдағы «Алтын Арба» сауда үйінің контейнерлерінің бірінен табылған.

Қарағандыда зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

– 6 қаңтарда Қарағандыдағы «Алтын Арба» сауда үйінің контейнерлерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қарағанды қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қабылдаған шаралар барысында 37 жастағы күдікті ер адам оқиға орнында ұсталды. Ол жанжал барысында жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады, – делінген Қарағанды облысының ПД хабарламасында.

Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.