ШҚО-да жолда қалған азаматтарды құтқару жұмыстары әлі жалғасуда

Бородулиха ауданында құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен сапар шегіп, жолда қалып қойған тұрғындарға көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Темір тұлпар 45 градус аяздға шыдас бермей, жүруден қалған. Сондықтан ондағы жолаушылар төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақыртуға мәжбүр болды. Мамандар көлікті сүйреп шығарып, адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді. Сондай-ақ Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай тас жолында бірнеше көліктің жанармайы қатып, жолда қалды. Оларды жылытып, қайта жолға салуға полиция қызметкерлері көмектескен. Сапарға шыққандардың барлығы да қатты аяз туралы хабарламаны ескермегендер дейді мамандар. Жалпы қазір ауданаралық жолдарда 36 полиция наряды жұмыс істеп жүр.

Сондай-ақ...