418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда екі бірдей коммуналдық апаттың себебі анықталуда

  • 222
Павлодарда екі бірдей коммуналдық апаттың себебі анықталуда

Өткен демалыс күндері екі орталық көшедегі жылу магистраліндегі жарылған құбырдың кесірінен 20-ға жуық көпқабатты үй, бірнеше ғимарат пен ондаған жекеменшік үй жылусыз қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала мамандарының хабарлауынша, әбден тозған құбыр қатты аяздан жарылуы мүмкін. Қазіргі аяз кезінде Павлодарда көпқабатты баспаналарда жылу параметрлері төмендеп кеткен. Коммуналдық апатқа қатысты мәселені тез арада шешу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Жылуы тиісті деңгейде болмаған үйлерге энергия таратушы ұйым қайта есептей жүргізуге уәде берді. Қазіргі уақытта жылу жүйесіндегі ақау қалыпқа келтірілді.

Игорь Рыбас, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Желілердің 80 проценті әбден ескірген. Оны бір жылда жөндеу мүмкін емес. Желілерді қайта жаңарту жоспарланған. Екі жылу электр станциясының құбырларын жаңарту бойынша жоба әзірлеу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы