Алматыда 581 сайлау учаскесі ашылды

Алматыда 1 миллионнан астам сайлаушы тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қалада 581 сайлау учаскесі бар.

Қазір біздің алматылық тілшіміз Алмас Садуақас 230-шы сайлау учаскесінен ақпаратпен бөлісуге әзір.

Диктор:

- Қайырлы таң, Алмас. Қалада сайлау күніне дайындық қандай?  Таңғы уақыт болса да, дауыс беруге келгендер бар ма?

Алмас Садуақас, тілші:

- Қайырлы таң әріптестер, құрметті көрермен. Бұл сайлау учаскесінің есігі ашық. Сайлау комиссиясы дауыс беретін орындарды, барлық құжаттарды дайындады. Тұрақты тіркеуі бойынша жасалған сайлаушылардың тізімі бар.

Таңғы 07:00-де басталған дауыс беру шарасы бүгін кешкі 20:00-ге дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік.