Соңғы екі тәулікте COVID-19-бен ауырғандар саны күрт өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы мәліметтерге сүйенсек коронавирус инфекциясына шалдығудың 113 оқиғасы тіркелді. Олардың жартысынан көбінде аурудың расталған түрі анықталған. Облыс бойынша бүгінгі таңда ауру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 316 адамнан келеді. Дегенмен, мамандар жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтады. Провизорлық госпитальдар жартылай бос тұр. 16 науқастың жағдайы ауыр. Бес адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Адам шығыны тіркелген жоқ.