Санитарлық тәртіпті бұзған он байқаушы ғимараттардан шығарылды

Карантин күшейтілген кейбір қалада санитарлық тәртіпті бұзып, сайлау комиссиясына кедергі келтіргені үшін 10 байқаушы мәжбүрлі түрде ғимараттардан шығарылды.

Мұны ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтты. Жалпы қазір елдегі тәртіптік жағдай тұрақты. Сайлау кезінде учаскелерде түсініспеушіліктер болса да, өрескел заңбұзушылық тіркелмеді. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіпке бағынбаған кейбір азамат полицияға жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бірақ бір де біреуі жауапқа тартылған жоқ.

Сондай-ақ...