Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне мінгізіп алған жүргізуші жазаланды
- 167
- UPD: 10:56, 11.01.2021

Павлодарда ер адамды көлігінің төбесіне салып жүрген жүргізуші жазаланды.
Көліктің төбесіне мінген ер адам куәгерлердің камераларының объективіне түсіп қалған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Оқиға сағат 21:00 шамасында Ткачев – Майра көшесінде болған.
«Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Toyota Карина» автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.