Шымкентте заңсыз ойынхана иесі жауапқа тартылды

Шымкентте заңсыз ойынхана ашқан тұрғын жауапкершілікке тартылды. Бұған қаладағы пәтерлердің бірінде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады. Абай аудандық соты айыпталушыны қылмыстық кодекстің 307-бабына сай кінәлі деп таныған. Пәтерді тінту барысында покер үстелдері, 1400-ден астам казино фишкасы және басқа да жабдықтар анықталған.