Елордада карантин талаптарын өрескел бұзған компьютерлік клуб анықталды

Елордада карантиндік талаптарды өрескел бұзған компьютерлік клуб анықталды. Клуб түні бойы жұмыс істеген.

Мобильді топ өкілдері клубта 80-нен аса адам отырғанын хабарлады. Әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Осы және өзге те тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркеліп, клуб қожайынына хаттама толтырылды. Қалалық полиция департаменті вирус таралуына ықпал етіп, адамдар өмірін қауіпке тіккендер жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ...