Жамбыл облысының тұрғынынан 7,5 келі марихуана тәркіленді

Жамбыл облысы Шу ауданының 50 жастағы тұрғыны 7 жарым келіге жуық кептірілген марихуана сақтаған.

Ірі көлемдегі есірткі оның үйінен табылды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір аудандық уақытша ұстау абақтысында отыр. Оған Қылмыстық кодекстің 296-бабы, яғни аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны жөнінде іс қозғалды.

Айта кетейік, аталған дерек облыста кең көлемде жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы кезінде анықталған.