420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы жолда алты көлік соқтығысты

  • 126
  • UPD: 16:56, 12.01.2021
Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы жолда алты көлік соқтығысты

Қарлы боран салдарынан Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы жолда алты көлік соқтығысты, деп хабарлады ekaraganda.kz.

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтарда Алматы – Екатеринбург тасжолында жол-көлік оқиғасы болды.

Қарағанды ​​мен Теміртау арасындағы учаскеде боран салдарынан алты жеңіл көлік соқтығысқан. Абырой болғанда ешкім айтарлықтай зардап шеккен жоқ.

«Ауа райының күрт нашарлауы және сақтық шараларын сақтау туралы метеорологтар мен Қарағанды ​​облысының ПД қызметкерлерінің бірнеше ескертуіне қарамастан, көптеген жүргізушілер жолға шығады. Осылайша, олар өздеріне ғана емес, басқа да жолаушыларға қауіп төндіреді», - деді полиция департаментіндегілер.

Хабар 24 телеарнасы