Қырғызстандағы тау шаңғысы курортында 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды

Қырғызстандағы Қаракөл қаласындағы тау шаңғысы курортының бірінде 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz  Ыстықкөл облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға бүгін болған. 

«Бүгін, 12 қаңтарда сағат 15:00 шамасында полицияға тау шаңғысы базасынан 12 жастағы бала трассалардың бірінен түсіп бара жатқанда шыршаға соғылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бала алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты, онда милиционерлер барлық материалды жинап жатыр», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін облыстық ауруханаға жеткізілгенін айтты.