Қарағанды облысында боранда жолда қалған тоғыз адам құтқарылды

Қарағанды облысында түнімен боран сейілген жоқ. Ат құлағы көрінбейтін ақтүтек салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылардың ескертуіне құлақ аспай, сапарға шығып кеткендер бар. Мәселен, Теміртау – Нұр-Сұлтан бағытында түнде біраз көлік соқтығысып, кептеліс болса, республикалық маңызы бар өзге де жолдарда 9 адам далада қалған. Осакаров елді мекенінің маңынан 3 адам және Қарқаралы тас жолынан 6 адам қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.