Оқыс оқиға «Тараз – Қаратау» тас жолының 75-шақырымында тiркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Оған себеп – қардың көп еруі мен жауын-шашынның жаууы», - деп түсіндірді мамандар. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Көлік қозғалысы тұраланган жок. Қазір жол төсемінің бойындағы дренажды каналдың суын бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
