419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда есіктің тұтқасына байланған граната табылды

  • 115
  • UPD: 11:46, 13.01.2021
Алматыда есіктің тұтқасына байланған граната табылды

Алматыда жекеменшік үйдің сыртқы қақпасындағы есік тұтқасына байланған граната табылды, деп хабарлады zakon.kz.

Алматыдағы бір ауданды әскерилер, полиция қоршап тастағаны туралы видео әлеуметтік желілерде тараған. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Граната тәрізді зат Алматының Наурызбай ауданындағы жеке секторда табылды. Граната әскери ұрыс қолданысына арналмаған. Оның қайда даярланғаны және кімге тиесілі екені арнайы сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық-процесуальдық кодекстің 287-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы